29 сәу, 2021 сағат 14:42

Нұр-Сұлтан вакциналау бойынша көшбасшы өңірлер қатарында тұр


Елорда вакциналау көрсеткіштері бойынша өңірлер арасында көшбасшылар қатарында тұр. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абай Байгенжин мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мен - «Нұр Отанның» партиялық комиссиясы жұмыс тобының төрағасымын. Біз қазір еліміздің барлық өңірлерінде вакциналау мәселесін ерекше бақылауға алдық. Сандық деректер қолымызға ұдайы түсіп тұратындықтан, жағдайды жақсы зерттеп біліп отыруға мүмкіндігіміз бар. Елордамыз осы істе көшбасшылардың қатарында тұрғаны мені қуантқанын айтқым келеді. Шамасы, елордалықтар вакцинаның маңызын саналы түрде ұққан сияқты» - деді Абай Байгенжин дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ, ол астана тұрғындары вакциналау ісінде өзге өңірлер мен қалаларға үлгі болу керектігін айтты.