15 мау, 2022 сағат 19:57

Нұр-Сұлтанда 31 жастағы әйел 16-шы қабаттан секіріп кетті

CC0 / Pexels /

Нұр-Сұлтан тұрғыны көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.