18 нау, 2021 сағат 10:44

Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Наурыз мейрамын мерекелеу күндері, 22-24 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Жексенбі – 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жағдайда жолаушылар маска режимін сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы керек. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Ал 22-24 наурыз аралығында барлық жолаушылар автобусы қалыпты режимде қайта жұмысқа кіріседі.