14 мау, 2022 сағат 05:27

Нұр-Сұлтанда мұнара краны құлады - видео


Нұр-Сұлтанда қатты желден мұнара краны құлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданы Төле би көшесінде салынып жатқан "Sen" тұрғын үй кешені құрылыс объектісінде мұнара краны құлады. КБ-405 мұнара краны"НЕОТЕХ" ЖШС-не тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін осы объектінің жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған болатын", - делінген хабарламада.

Ведомоствоның мәліметінше, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

видео: Tengrinews.kz