18 мау, 2020 сағат 11:02

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқушауланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», - делінген хабарламада.

Бұған дейін бірнеше депутат пен шенеуніктен коронавирус табылғаны хабарланған еді. Індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Үкімет мүшесінен вирус табылғаннан кейін премьер-министр Асқар Маминнен бастап, барлық дерлік министр өзін оқшаулады. Қазір олар да қашықтан жұмыс істеп жатыр.