14 мам, 2022 сағат 14:38

"ӨКМ Операторы" шотына салынған шектеулер алынды


"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның шотына салынған шектеулер алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Twitter-дегі парақшасында жазды. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралармен "Оператор РОП" ЖШС-ның 198 миллиард теңгесi бар шотынан бұрын салынған шектеулер алынды. Үкімет одан 100 миллиардты жеңілдетілген автонесие алуға, қалған қаржыны басқа әлеуметтік жобаларға жолдады", - деп жазды Берік Асылов.