04 ақп, 2023 сағат 15:50

Өнімдер сөрелерде өспейді, сөрелерде тек бағалар өседі - Әли Бектаев

Фото: El.kz

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы кезектен тыс ХХІІ съезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына дайын екенін мәлімдеп, кандидаттар тізімін бекітті.

Партия мүшелері елдің барлық аймақтарынан келген. Съездің негізгі сұрақтары бұл - сайлауға қатысу және сайлау науқанында аграршылар атынан кім қатысатынан белгілеу.

Саяси ұйым тарихындағы аса маңызды кездесуді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев ашты. Ол өз баяндамасында ауыл әрбір азаматтың алтын бесігі екенін атап өтті.

«Біз ауылдың мүддесін, еліміздің кем дегенде жартысының мүддесін қорғаймыз. Сондықтан «Ауыл» партиясы Парламент сайлауына Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген бағдарламасымен қатысатынын мәлімдейді», - деді Әли Әбдікәрімұлы. 

«Ауыл» партиясы төрағасының сөзіне қарағанда, өнімдер сөрелерде өспейді, сөрелерде тек бағалар өседі. Елде биліктің барлық деңгейлерінде ауыл және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қамтамасыз ету қажет.

Іс-шарада партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев сөз сөйлеп, ауылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлерінен өкілдік ететін съездің басқа да қатысушылары сөз сөйледі. Сайлауалды бағдарлама қабылданғаннан кейін делегаттар Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да ұсынды.

«Ауыл» партиясының қатарында еліміздің көптеген патриоттары, лайықты азаматтар бар. Бүгінгі съезде біз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіттік және бір мандатты сайлау округтері бойынша кандидатураларды ұсындық", - деді Әли Бектаев.

Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін жасау кезінде барлық заңнамалық талаптар сақталды.

«Жергілікті жерлердегі уәкілетті органдарда (мәслихаттардағы) «Ауыл» партиясы өкілдерінің санын арттыру басты бағыт болып қала бермек. 2021 жылғы сайлауда «Ауыл» ХДПП-ның 237 мүшесі партиялық тізім бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаты болып сайланды. Бұл науқанда партияның 600-ден астам өкілін түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсынамыз», - деді партия төрағасы.