01 шіл, 2021 сағат 10:45

Өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинация қарқыны қандай?


Қазақстанда коронавирусқа қарсы халықты егуде Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

2021 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен - 3 413 684 адам, II компонентпен 2 039 622 адам вакциналанды.

Коронавирус вакцинасының толық дозасын алғандар бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер: 

Алматы қаласы – 302 257 адам (30 маусымдағы мәлімет - 298 003 адам); 

Алматы облысы – 208 094 (205 356); 

Түркістан облысы – 202 222 (194 870); 

Шымкент қаласы – 159 881 (156 618); 

Қарағанды облысы – 153 259 (151 194); 

Нұр-Сұлтан қаласы – 152 063 (150 169).