16 мау, 2021 сағат 15:08

Оралда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін-өзі атып тастады



Оралда қатардағы жауынгер өзіне қарудан оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".


ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға бүгін, 16 маусымда таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған.

"Қарумен өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір әскери тергеу органдары тергеу жүргізуде. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз", - деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.


Марқұм – 2000 жылғы Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.