05 сәу, 2021 сағат 08:57

Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адам таптырмай жатыр

Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адам таптырмай жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Анатолий Максин облыстық ауруханадан 1 сәуір күні шығып кеткеннен оралмаған.

Ғ.Құрманғалиев көшесі 15/1-үйдің 6-пәтерінде тұратын оның бойы 160-165 см, толық денелі, ақ шашты, сақалы бар, мұрны тіке, бүгіңкі, қой көзді.

Үстіне қара түсті спорттық трико, жүннен тоқылған свитер киген, көйлегі көгілдір түсті, үйге киетін жеңіл аяққиіммен, қолына сары пакет ұстап шығып кеткен.

Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жүргізілуде.