23 мау, 2021 сағат 21:05

Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті


Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 15.40-та Н.Назарбаев даңғылы мен А.Карев көшесі қиылысында болды.

"Лада Ларгус" және "ВАЗ-2110" автокөліктері соқтығысқан. Ж ол апаты салдарынан үш адам зардап шекті.

БҚО Д енсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 15.46-да шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 9 және 17 жастағы қыздар, сондай-ақ 52 жастағы әйел жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Қыздардың екеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына, әйел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.