16 мау, 2025 сағат 11:06

Оралда жалған турагент тұрғындарды 25 миллион теңгеге алдаған

Фото: ашық дереккөз

Оралда жалған туристік қызмет көрсету арқылы жасалған алаяқтық әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Орал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған. Заңды бизнестің көрінісін жасау мақсатында ол:

  • әлеуметтік желілерде жарнама орналастырған,

  • клиенттермен ресми келісімшарттар жасаған,

  • фискалдық чектер берген,

  • мессенджерлер арқылы тұрақты байланыс жүргізген.

Бұл әрекеттер оның қызметіне деген жалған сенім тудырып, алаяқтықтың құрбаны болған 15-тен астам адамды алдап соққан. Залалдың жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асып кетті.

Сот шешімі
Орал қалалық соты қаскүнемді екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, келесі жаза тағайындады:

  • 5 жылға бас бостандығынан айыру,

  • 7 жыл мерзімге туризм саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру.