14 сәу, 2021 сағат 10:45

Оралда жол апатынан кейін 2 кішкентай қыз бала ауруханаға жеткізілді

Оралда жол-көлік оқиғасынан кейін 2 кішкентай қыз бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 14 сәуір күні шамамен сағат 08.10-да Ғ.Құрманғалиев пен Чуйков көшелерінің қиылысында болды. 

«Лада Гранта» және «Мазда» автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

Соның салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінде отырған 2008 және 2011 жылғы қыздар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Жәбірленушілердің нақты диагнозы анықталғаннан кейін құқықтық баға берілетін болады», деді Белгібеков.