02 нау, 2023 сағат 15:55

Оралдағы кәсіпкер өлімі: тағы бірнеше куәгер тың деректер айтты

Фото: "Мой ГОРОД"

Оралда Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "МОЙ Город" сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, былтыр тамызда Оралда жантүршігерлік адам өлімі болған еді. Оқиға "Рахат-Лукум" және "Гюльчатай" мейрамханасының иесіне қатысты. Күдіктілер Руслан Қожатаев пен Тұрлан Амангелді кәсіпкерді бірнеше жерінен пышақтап кеткен.  

Бұл жолы сот отырысына тағы екі даяшы қыз куәгер болды. Ол қайғылы оқиға болған күні "Рахат-Лукум" караоке-мейрамханасында даяшы болып жүрген. Екі даяшы кәмелетке толмағандықтан тергеуге ата-аналары мен педагогтері қатысқан. Олар алқабилер сотына сол күні оқиға қалай болғанын айтып берген.   

"Олар (күдікті Қожантаев пен Амангелді) басында кәуәп пісіретін жігітті шақырды. Олар не жайлы сөйлескенін естімедім. Артынша шеф (марқұм Еркін Мұханғалиев-еск.) келіп, бірге отырып сөйлесе бастады. Одан бөлек, кафе әкімшісі де болды. Олардың бірі шефтің қасына отырып, екіншісі барсеткасынан пышақ алып шықты да мойнына сұғып алды. Мұханғалиев қансырап, айғайлай бастады. Шеф үстелді итеріп жіберді, әкімші көмектескісі келді, бірақ екінші күдікті көмектеспеу керегін ыммен жеткізді. Мұханғалиев терезені ашып, қашып кетті. Олар есіктен шығып, артынан қуалай бастады. Басқа ештеңе есімде жоқ", - дейді куәге даяшы қыздардың бірі.  

Екінші даяшы қыз да осы жайттың куәгері болғанын айтты. Артынша күдіктілер екі күннен кейін табылған үй иесі куәгер ретінде келді. Ол бұл оқиға туралы әлеуметтік желіден білгенін айтқан. 

"Біздің аймақта күдіктілер іздеуде жүрген. Учаскелік полицей олар жақын жерде тығылып қалғанын айтты. Полицейлер үш көшені жауып тастады. Көшеге шыққанда әскерилер басқа көшеге кетіп бара жатқанын көрдім. Мен солардың артынан кетпек болғанымда әлгі екеуін (күдіктілерді - еск.) көрдім. Олар алма ағашының артында тығылып алма жеп отырды, біреуі ақ футболка киіп алған", - дейді куәгер. 

Басылым мәліметінше, сот отырысына мейрамхана әкімшісі де келіп, сұрақтарға жауап береді.