26 мау, 2022 сағат 13:52

Оралдағы жантүршігерлік апат: кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты


Оралда жол апаты болып, кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі  "Мой Город" порталына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 26 маусымға қараған түні сағат 00:40-та Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Toyota шағын автобусы жол жиегінде тұрған Scooter мен ВАЗ-2110 көлігіне соқтығысқан.

"Апат салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы - 17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, шағын автобус жүргізушісі сау болған. Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - шағын автобус жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып ұялы телефонына алаңдап кеткен", - деді полиция қызметкерлері.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Жол жүру ережесін бұзу") бойынша соталды тергеу басталып, барлық қажетті сараптама тағайындалды.