Өскемен қаласында оқушы қыз шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 қазан күні сағат 16.10-да Геологическая көшесінің маңында жасөспірім шұңқырға құлап кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.
«Мамандандырылған жасақ қызметкерлері 15 жастағы қызды шұңқырдан арқанмен алып шықты. Содан кейін оқушы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Департамент мамандары өңір жұртшылығына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Ата-аналар қандай жағдай болмасын балаларды қараусыз қалдырмауы керек.



