Фото: NevoMusicTj / YouTube
Самарқанд облысының Тайлақ ауданында Zeboyi Jahon лақап атымен танымал әнші Зебинисо Носированы өлтіріп кетті. Қылмыс жасады деген күдікпен оның жұбайы ұсталды. Қасақана кісі өлтіру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы gazeta.uz-ге сілтеме жасап, Ult.kz хабарлайды.
Марқұмның үйіне балаларын көруге барған күйеуі ұрыс-керіс барысында әйелін өлтірген деп күдіктеліп отыр.
"Менің әпкем мұндай өлімге лайық емес еді. Сол күні мен жұмыста болдым, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеймін. Шамамен сағат 4-те әйелім қоңырау шалып, әпкеме бірдеңе болғанын айтты. Анама қоңырау шалдым, ол: "шұғыл кел, оны өлтіріп кетті", - деді. Үш ұлдың анасы, жұбайың болған адамға қалай бұлай жасауға болады?"- деді марқұмның ағасы.
Ол қылмыскерге мүмкіндігінше қатаң жаза тағайындауды сұрап отыр.
Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хает Шамсутдиновтың мәлімдеуінше, ер адамға қатысты (1992) Өзбекстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 97-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған (қасақана кісі өлтіру).
Күдікті қамауға алынды.
Марқұм (1991 жылы туған) үш баланың анасы болған.
Zeboyi Jahon Өзбекстанға танымал эстрада әншісі. Оның әндері тыңдарман сүйіспеншілігін иеленіп, қошеметке бөленіп жүрген.
