15 мау, 2022 сағат 14:10

"ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде жұмысшы тірідей жанып кетті – видео


Маңғыстау облысында" ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты мұнай-газ өндіру басқармасының аумағында өрт шығып, бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті Sputnik Қазақстан агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, "ӨзенМұнайГаз" компаниясына қарасты учаскеде АПРС-40 қондырғысы отқа оранған.

14 маусымда түнгі сағат 23:50 басталған өрт 20 минуттың ішінде өшірілді. Оқиға орнында күйіп кеткен мәйіт табылды.

Қайтыс болған ер адам - "Кезби" ЖШС жұмысшысы.


"Марқұм 1977 жылы туған. Бейнеу ауылының тұрғыны. "Кезби" ЖШС-інде жүк көтергіштің машинисті болып жұмыс істеген", - дейді құтқарушылар.

"Кезби" ЖШС жұмыскердің қайтыс болғанын растады. Компания жерлеу шығындарын өтеуге дайын екенін мәлімдеді.

Ал полиция тергеу шараларын бастап кетті.