
Павлодар облысына коронавирус вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді. Екпені барлық тілек білдіруші тұрғылықты жері бойынша өз емханасынан алады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірге «Спутник V» немесе «Гам-КОВИД-Вак»вакцинасының жаңа партиясы келді.
«Кеше түнде өңірге екінші компонентті вакцинаның тағы 1 200 дозасы жеткізілді. Сонымен қатар, 17 наурызда үшінші партияның бірінші компонентіне 1 300 доза вакцина келіп түсті. Бірінші компонент бойынша Павлодар облысының 4 345 тұрғыны екпе алды, екінші компонент бойынша – 1 722. Екпені барлық тілек білдіруші тұрғылықты жері бойынша тіркелген өз емханасынан алады. Вакцина алғыңыз келетіңіз туралы учаскелік дәрігерге хабарлау керек», делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Спутник V» бірінші партиясы аймаққа қаңтар айының соңында келіп түсті, вакцинация 1 ақпанда басталған. Екпе салу алдында еріктілерді дәрігер тексереді.
Павлодарлықтарға екпе үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Павлодар облысына бөлінген препараттың 80 мың дозасы республикалық бюджеттен төленеді.
