14 сәу, 2021 сағат 13:43

Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты

Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты. Жалын тілі 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Майнинг жабдықтары және қабырға қаптамасы жанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«13 сәуір күні сағат 15:01-де Екібастұз аймағындағы Солнечный ауылында «BTC-KZ» ЖШС-дегі (№2 арнайы мамандандырылған өрт бөлімшесінен 40 шақырым жерде) өрт туралы хабар түсті. Майнингтік компания аумағында майнингке арналған жабдықтардың және қабырға қаптамасының тұтануы 150 шаршы шақырым жерді алды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі кәсіпорындағы өрттің сағат 17:35-те сөндірілгенін айтты. Болған оқиғаның себебі мен келтірген залалы анықталып жатыр.

«Өртті ауыздықтауға CҚО ТЖД-нің жеке құрамының 14 қызметкері мен үш техникасы тартылды», - деп қосты департаменттен.