01 мау, 2023 сағат 11:56

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлаған. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды" - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".