13 мам, 2021 сағат 14:34

Павлодар облысында шекарадан өтпек болған екі жүргізушіден коронавирус табылды


Павлодар облысындағы Қазақстан мен Ресей шекарасында тәулік ішінде бес қазақстандық азамат карантин стационарына жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Соңғы тәулікте шекарадан 332 адам өткен, соның ішінде 155 жаяу адам мен 177 фура жүргізушісі бар. Карантин стационарына бес қазақстандық азамат жатқызылды. Ауру белгілері жоқ коронавирус инфекциясы екі жаққа тасымал жүргізумен айналысатын екі жүргізушіден анықталды. Олар Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты, шекарадан «Қосақ» бекеті арқылы өтпек болған», - деп хабарлады Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен. 

ПТР анықтамасы жоқ Қырғызстан мен Ресейдің төрт азаматына Қазақстанға кіруге тыйым салынды. 

Павлодар облысында мемлекеттік шекараның төрт автомобиль пунктінде адамдардың өтуін қадағалау мониторингі жалғастырылып жатыр.