13 мау, 2022 сағат 11:12

Павлодарда әскери қызметші қаза тапты


Қайғылы жағдай № 5512 әскери бөлімінде орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, шақырту сағат 19.17-де түскен. 

- Қызметтестерінің айтуынша, ер адам КамАЗ көлігінің дөңгелегін үрлеп жатқан. Сол кезде жарылыс болған, - дейді басқармада. 

Оқиға салдарынан 1990 жылы туған жігіт жарақат алып, қаза тапты.