13 мау, 2022 сағат 11:50

Павлодарда әскери қызметшінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды


Павлодарда әскери қызметшінің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ҚР Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы марқұм аға сержант Айбек Тұрсұмбаевтың отбасына көңіл айтты.

"2022 жылы 12 маусымда сағат 19.15-те келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапқан еді. Сол күні ол болған 5512 әскери бөлімінің саябағында КамАЗ әскери жүк көлігінің дөңгелегі жарылды, оның салдарынан қызметшіміз бас жарақатын алып, мерт болды", - деп жазылған ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының хабарламасында.

Бүгінде құзырлы органдар бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.