18 сәу, 2025 сағат 11:11

Павлодарда оқу орны мұғалімдердің еңбек демалысын заңсыз қысқартқан

Фото: Facebook.com

Павлодар облысының прокуратурасы Toraighyrov University педагогтарының еңбек құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Анықталғандай, университет ұжымдық келісім-шартта заңды бұзған. Педагогтарға 56 күннің орнына тек 30 күндік еңбек демалысы белгіленген. Сонымен қатар, уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік немесе босану жағдайларына байланысты демалысты ауыстыруға заңсыз тыйым салынған.

Прокуратураның араласуының арқасында:

  • Ұжымдық келісім-шартқа қажетті түзетулер енгізілді.

  • Мұғалімдердің демалысқа қатысты барлық құқықтары қалпына келтірілді.

  • Бұзушылықтарға жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.