16 шіл, 2025 сағат 13:43

Перизат Қайрат ісі: Назарбаев Зияткерлік мектебі ата-аналары қорға 900 мың теңгеден артық ақша аударған


Астана қаласында өтіп жатқан Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысында оның қорына әртүрлі сомада ақша аударған жәбірленушілер куәлік беріп жатыр,  деп хабарлайды Ult.kz

Жәбірленушілер арасында жеке тұлғалар, банктер, ірі компаниялар бар.

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ата-аналар комитетінің мүшелері де жәбірленуші ретінде танылды.

Ата-аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықованың сөзінше ата-аналар 2024 жылдың көктемінде қор жүргізген жарнамалық компанияға сеніп, тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 15 сәуір күні Kaspi арқылы «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының шотына 901 855 теңге аударған.

«Жарнама көбінесе Instagram-да жиі шығып жүрді. Біз нақтылап қарап, бұл қордың басқа да қайырымдылық істермен айналысқанын білдік», – деді ол. 


Ата-аналар жіберілген ақшаны қайтарып алып, оны мұғалімнің еміне жұмсағысы келетіндерін айтты.