09 шіл, 2025 сағат 19:37

Перизат Қайрат: Мені изолятор қызметкерлері соққыға жықты


Фото: ашық дереккөз

"Biz Birgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының басшысы болған Перизат Қайрат изолятор қызметкерлері оны соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгін Перизат Қайрат ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтіп, сот тыңдауы алдында ол журналистердің сауалына жауап берді.

"Мен моральдық тұрғыдан қатты шаршадым. Маған қатысты резонанс болып жатыр. Бірақ мен бұл туралы ашық айтуға дайынмын. Ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл изолятор қызметкерлері тарапынан жасалды. Қазір бұл туралы толық айта алмаймын. Жағдайым жақсарды", – деді ол тілшілерге.


Ол қанша өтініш жасағанымен, қоғамдық қорғаушы берілмегенін айтып отыр.

Журналистер: "Сіз өзіңізге тағылған айыппен келісесіз бе?" деп сұраған еді, алайды Перизат Қайрат келіспейтінін жеткізді.

"Жоқ, әрине. Мен (кінәмді) мойындамаймын. Қазір бәрін ашып айта алмаймын. Оны өздеріңіз де түсінесіздер", – деді айыпталушы.


Оқи отырыңыз: "16 кәсіпкермен келісімшарт жасасқан": Перизат Қайрат су тасқыны кезінде халықты қалай алдағаны айтылды