Фото: Tengrinews.kz / Санжар Мустафин
Biz Birgemiz қорының бұрынғы басшысы, айыпталушы Перизат Қайрат өзі жеке танитын жәбірленушілерден жауап алуды сұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
Қайырымдылық қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайраттың ісі бойынша сотта айыпталушының өзі бұған дейін жауап берген жәбірленушілердің өкілдерін танымайтынын мәлімдеп, тікелей өзі сөйлескен адамдардан жауап алуын сұрады.
Ол Jusan Bank (қазіргі Alatau City Bank) банкінің PR-қызметкері Михаил Егоринді шақыруды өтінді, себебі сотта банк мүддесін қорғайтын Бейбіт Жорабаевпен жеке таныс емес екенін алға тартты.
«Сіз жәбірленуші ұйымдардың өкілдерін танысаңыз да, танымасаңыз да болады. Айыптау тарап айтып отырған оқиғалар кезінде сіздің ол ұйымдардың барлық қызметкерлерімен байланыста болуыңыз міндетті емес», – деп жауап берді судья Сабыржан Каримов.
Сонымен қатар судья бұл өтінішті сот кеңсесіне тіркеуі керектігін айтты.
Перизат Қайраттың өтінішін сот кейін қарайтын болды.
Айта кетейік, бұл ісі бойынша сот отырысында жәбірленушілерден жауап алынып жатыр.
