Фото: Pexels.com
Петропавл қаласында екі тұрғын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, олар алдын ала сөз байласып, 37 азаматты алдау және сенімге кіру арқылы 100 миллион теңгеден астам қаржысынан айырған, деп хабарлайды Ult.kz.
Сот отырысында жәбірленушілер сотталушыларды адамдарды сендіруге қабілетті кәсіби манипуляторлар деп сипаттап, қатаң жаза қолдануды сұрады. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамағанымен, прокуратура олардың әрекетін дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты «Б» және «Т» есімді сотталушыларды нақты мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарып, келтірілген материалдық шығынды өтеуді міндеттеді. 28 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Үкім заңды күшіне енді.
