13 ақп, 2023 сағат 11:29

Петропавлда оқушыларға шабуыл жасаған бала психиатриялық есепте тұрған

сурет ашық дереккөзден алынды

Петропавлда үш оқушыға шабуыл жасаған 9-сынып оқушысы туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

СҚО прокуратурасы мен Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрған.

"Жасөспірімнің және мектеп әкімшілігінің әрекеттеріне соталды тергеу шеңберінде құқықтық баға беріледі. Қалған жайттар анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.