26 мау, 2022 сағат 15:19

Петропавлда Шатуновтың құрметіне флешмоб өткізуге тыйым салынды


Петропавл әкімдігі ресейлік әнші Юрий Шатуновты еске алуға арналған флешмоб өткізуге тыйым салды.

"Ласковый май" тобының солисі 23 маусымда қайтыс болған. Кейінірек әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде әншіні еске алуға шақырған үндеулер жарияланды.

Хабарламаларда бұл жиынға арналған бірнеше орын көрсетілген. Алайда қала әкімдігі шараның өтуіне тыйым салды.

"Құрметті қала тұрғындары, Интернациональная мен Бөкетов көшелерінің арасында Юрий Шатуновты еске алуға арналған шара өткізілмейді. Флешмоб өткізуге рұқсат берілмеген. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, "Ласковый май" тобының экс-солисі 49 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Музыкантты құтқармақ болған Домодедово ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, Шатунов емдеу мекемесіне клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Олар қолдан келгеннің бәрін жасаған, бірақ Юрийді аман алып қала алмады.

Бүгін Ресейде әншіні ақтақ сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.