29 қыр, 2022 сағат 20:35

Полиция Төреғалиға қатысты істің мән-жайын айтты


Полиция қызметкерлері әнші Төреғали Төреәліге қатысты істің жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"29 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажет сараптамалық зерттеу жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы Полиция департамент басшылығының бақылауына алынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады.