20 қыр, 2021 сағат 22:08

Президент белгілі қаламгер Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақындарына көңіл айтты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында жемісті жұмыс жасады. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды. 

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.