
Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны – 4,7 доллар. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Qazcovid-in» қазақстандық вакцинасы туралы» брифингіде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі таңда біз «СҚ-Фармациямен келісім жасадық. Qazcovid-in вакцинасының бір дозасының құны – 4,7 доллар. Бұл вакцинаның таза өзіндік құны. Ары қарай қаншаға сатылатынына қатысты мәселе менің құзіретімде емес», - деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.
