24 қаң, 2023 сағат 13:20

Республика бойынша 120-дан астам өрт сөндіру бекеті жетіспейді - министр

Фото ашық дереккөзден алынды

Республика бойынша 120-дан астам өрт сөндіру бекеті жетіспейді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сайты.

“Бізде өңірлерде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жетіспейді. Тұрғыны 5 мыңнан астам жергілікті жерлерде өртке қарсы қызмет болуы керек. Республика бойынша осындай 120-дан астам бөлім жетіспейді. Сондықтан өртке жылдам әсер ету туралы жиі айта алмаймыз. Себебі біз өрт болған төтенше жағдай орнына ұзақ уақыт жетуіміз керек”, - деді ол.

Министр Алакөлді мысалға алды.

“Алакөлді мысалға алатын болсақ, жеке меншік демалу орындары қауіпсіздікті өздері қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет әркімнің үйінде отыра алмайды. Мен әрбір тұрғын үйдің жанына өрт сөндіруші бөлімін қоя алмаймын. Ата-анасы жоқ кезде өрт сөндірушілер олардың балаларының терезеден құламауын, отқа жақындамауын қамтамасыз ете алмайды. Ол тәрбие мәдениеті мен мектепке дейінгі білімнен басталуы керек”, - деді Ильин.