28 қаң, 2023 сағат 10:11

Риддерде мас әйел екі жасар ұлын балконнан құлатып алды

Фото: 47Channel

Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Оқиға 27 қаңтарда болған. 

"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", - деп хабарлаған ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.

Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.