10 ақп, 2024 сағат 13:30

Роман Төреханов ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды


Фото: Акорда

 

Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Сайранұлы Әрінов атқарған болатын. Ол 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.