Осы айда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өтетіні белгілі. Осы орайда шымкенттік саясаттанушылар ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Ауыл әкімдерін ашық дауыс беру арқылы сайлау бұл - демократиялық институттың тереңдеген үлгісі. Осылай деген саясаттанушылар алдағы сайлаудан зор үміт күтеді.
«Ауыл әкімдерін сайлау елімізде алғаш рет өткенлі отыр. Мұның өзі біздің бір рухани жаңғырғанымызды көрсетсе керек. Енді сол сайлаудың барынша әділ, халықтың қалауымен өтуін қадағалау керек. Мен ауыл әкімдерін сайлау дауыс берушілерге мүмкіндікпен қатар жауапкершілік жүктейді деп есептеймін. Өйткені, сайлауда дауыс беру арқылы азаматтар өз ауылының алдағы дамуына да таңдау жасайды. Сондықтан саяси науқанға «жүрдім-бардым қарауға болмайды», - дейді саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков.
Себебі осы сайлауда әркім өз таңдауын еркін жасай алады. Сонымен қатар, басшылықтан үмітті жеке тұлғаның бақ сынап көруіне мүмкіндігі бар. Сол үшін алдағы ауыл әкімдерін сайлауға әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы керек.
Ал М. Әуезов атындағы ОҚУ философия және саясаттану кафедрасының оқытушысы Бауыржан Алтайұлы әкім енді - биліктікі емес, сіздікі - ауылдыкі деген пікірде. Оның айтуынша, айырмашлығы осында.
«Бұрын айтатынбыз ауданнан әкеліп қойды. Депутатардың сайлауынан өтті деп. Биліктің адамы деп. Енді ол - халықтыкі. Енді жаңа өзгеріс болады деген ойдамын. Халықтың өзі сайлаған әкім халықөтың қандай мәселесі болса да шешіп береді деген ойдамын. Тікелей дауыс беру арқылы сайлаған әкімді сайлаудан кейін халық өз бағдарламасын орындамаған жағдайда алып тастау мүмкіндігіне де ие болады. Ол үшін дауыс берушілердің үштен екісі қарсылық білдіруі керек», - дейді саясаттанушы, М. Әуезов атындағы ОҚУ философия және саясаттану кафедрасының оқытушысы Бауыржан Алтайұлы.
Айтып өтейік, жергілікті билік өкілін тікелей дауыс беру арқылы сайлау елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Қолда бар статистикаға сүйенсек, жаңа әдіспен биыл 3 мыңнан астам әкім сайланады. Үміткерлер партиялық тізіммен, болмаса сайлаушылардың бір пайыз дауысын жинау арқылы өзін-өзі ұсына алады. Сонымен, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын. Президент пәрменімен өткелі отырған сайлау шілденің соңына жоспарланған. Соның нәтижесінде бүгінгі сайлау 14 облыс бойынша 1847 сайлау учаскесінде өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде күннің қорытындысы шығарылуы тиіс. Жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу жүзеге асырылады. Бұл ретте сайланған әкімнің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Расында тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің сайлауы өтуде. Сонымен, барлығы 730 елді мекеннің әкімі жергілікті тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, осы орайда шымкенттік саясаттанушылар ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді. Ауыл әкімдерін ашық дауыс беру арқылы сайлау бұл - демократиялық институттың тереңдеген үлгісі. Осылай деген саясаттанушылар алдағы сайлаудан зор үміт күтеді.Сол үшін алдағы ауыл әкімдерін сайлауға әрбір азамат жауапкершілікпен қарауы керек. «Әкім енді - биліктікі емес, сіздікі - ауылдыкі» деген пікірде.
