29 там, 2019 сағат 14:08

Сағынтаев алматылықтарды неліктен жеке қабылдамай жатқанын түсіндірді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтар оның жеке қабылдауына неліктен кіре алмай жүргенін  түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке қабылдауыма қатысты айтсам, мен кездескен барлық аудан тұрғындары жеке қабылдауыма кіре алмай жатқандарын алға тартады. «Қоңырау шалдық, жазылдық», - дейді. Бұған әкімдік қызметкерлері кінәлі емес. Екі ай бойы ешкімді қабылдамайтынымды өзім айттым. Өйткені, ең алдымен, тұрғындармен өзім барып кездесуді жөн көрдім. Өз көзіммен көріп, тұрғындарды тыңдағым келді. Қыркүйек айынан бастап, айына екі рет  қабылдау өткіземін. Бір рет әкімдікте, екінші рет «Nur Otan»-да қабылдайтын боламын», - деді Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Айта кету керек, жиналысқа келгендердің басым бөлігі, әкімнен оларды жеке  қабылдауды өтінді. Олардың барлығы қыркүйек айында әкім қабылдауына шақырылады.