
Сәуір айында Алматыға шамамен 400 мың доза вакциналар жеткізіледі деп күтілуде. Мұндай деректерді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев келтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматыда вакцинация басталғалы 68650 вакцина келді. Екпені 49160 адам салдырды. Қазір қалада 19 490 вакцина бар. Бізге 13 сәуірге дейін 69 мың вакцина келу керек. Айдың соғына дейін тағы 300 мыңнан астам вакцина алу жоспарланып отыр. Бұл сан әлі нақтыланатын болады, қазір арнайы штаб құрылды. Бұл дозалардың барлығы вакцинация пункттеріне таратылады», - деді Нариман Табынбаев ОКҚ өткен брифингте.
