Фото: Википедия
Оқиға биыл 25 ақпанда болған. «Өскемен– Астана» бағытындағы рейс сегіз сағаттан артық кешіккеніне қарамастан, SCAT әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген, деп хабарлайды Ult.kz.
Сегіз сағаттан соң ғана түнгі он шамасында кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілген. Жолаушылар күндізгі уақыттың бәрінде тиісті қызметсіз әуежайда өз рейстерін күткен.
Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы азаматтардың құқығын қорғады. Тексеріс нәтижесінде авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.