28 ақп, 2026 сағат 13:23

Щучинскідегі жарылыс: қаза тапқандардың несиесі өтеледі


Фото: ТЖМ


Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қосымша қолдау көрсетіледі. Әкімдік мәліметінше, өмірлік қиын жағдайға тап болған бес отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтеледі, деп хабарлайды Ult.kz.


Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов жедел штабтың көшпелі отырысын өткізіп, өңірдегі ахуалды талқылады. Аймақ басшысы азаматтардың қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтіп, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.


Әкім тапсырмасына сәйкес:


ардап шеккендер мен марқұмдардың отбасыларына кешенді қолдау көрсету;
медициналық көмекті уақытылы ұйымдастыру және жедел жәрдемнің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету;
оқиғаның себептерін объективті тергеу;
кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту;
қауіпсіздік талаптарына бақылауды күшейту шаралары қабылданады.



Қаза тапқан алты адамның отбасына 2 млн теңгеден біржолғы төлем берілді. Сонымен қатар дәмхана иесі әр отбасыға қосымша 2 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетті. Заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдер де тағайындалған.


Еске салайық, газ-ауа қоспасының жарылысы Центр плова кафесінде өртке ұласқан. Оқиға салдарынан 28 адам зардап шекті. Бес адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Қазіргі уақытта 13 адам медициналық көмек алып жатыр.