27 там, 2019 сағат 08:36

Семей әкімі қаланы велосипедпен аралап жүр

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қала көшелерін велосипедпен аралап шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

«Жұмыс уақытын таңғы 6:00-ден бастаған Ермак Сәлімов орынбасарлары мен әкімдіктегі бөлім басшыларын жинап Юность ауданына барып қайтты.Қала көшелерін шарлаған әкім, тұрғындармен жолығып арыз-тілектерін тыңдады. Қоқыс шығару мәселесі ушығып тұрған аудандарды суретке түсірді. Әкімнің айтуынша, бір сағаттың ішінде көптеген мәселелерді көруге болады», - деп жазады сайт.

62 жастағы Е.Сәлімов Семей қаласын 4 жылдан бері басқарып келеді. Оған дейін Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының, Зырян ауданының әкімі болған. Сондай-ақ ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.