03 жел, 2022 сағат 13:54

Семейдегі көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты


Семей қаласындағы көшелердің бірінде жылу жүйесінен ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2 желтоқсан күні сағат 17.25-те Ғаббасов көшесіндегі жылу жүйесінде ақау шыққан. Оқиға орнына бірден тиісті мамандар аттанып, жедел ден қою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, ақаулар жойылды.

«Сондай-ақ «Теплокоммунэнерго» МКК қызметкерлері шұғыл әрекет жасап, жылу жүйесін ретке келтірді. Бүгін сағат 10:15-те жылу көзінің жұмысы штаттық режимде қайта іске қосылды. Қазір үйлерге жылу тұрақты түрде беріліп жатыр», - делінген ақпаратта.