26 қаң, 2023 сағат 11:41

Сенаттың жаңа депутаттары Қазақстан халқына ант берді

Фото: Akorda.kz

Жаңадан тағайындалған Парламент Сенатының депутаттары палата отырысында ант берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді сенаторлар.

Ант қабылдаған Сенат депутаттары:

Бибігүл Жексенбай

Талғат Жүнісов

Мұрат Қадырбек

Гүлмира Кәрімова

Әлібек Нәутиев

Нурия Ниязова

Амангелді Нұғманов

Ғауез Нұрмұхамбетов

Бекбол Орынбасаров

Руслан Рүстемов

Әлішер Сатыбалдиев

Қайрат Тастекеев

Арман Өтеғұлов

Серік Өтешев

Сәкен Арубаев

Жанна Асанова

Ернұр Әйткенов

Евгений Больгерт

Шәкәрім Бұқтұғұтов

«Ант беру рәсімі аяқталды. Жауапты қызметтеріңізге сәттілік тілеймін», - деді қайта сайланған Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.