14 там, 2025 сағат 11:03

ШҚО-да Қызыл кітапқа енген ителгіні заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды

Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен жануарлар әлемін қорғау мамандары бірлескен рейд барысында Қызыл кітапқа енген құсты заңсыз алып жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.

Тәртіп сақшылары тоқтатқан Suzuki маркалы көлікті тексеру кезінде сирек кездесетін ителгі мен тұзақ ретінде пайдалануға арналған алты көгершін табылып, тәркіленді.

Ұсталған 55 жастағы облыс тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәркіленген құстар Өскемендегі мемлекеттік зообаққа тапсырылды. Құқық қорғау органдары тұрғындарды табиғат қорғау заңнамасын қатаң сақтауға және өңірдің флорасы мен фаунасын қорғауға шақырды.