15 нау, 2021 сағат 16:57

ШҚО құтқарушылары мұзда қалып қойған 15 балықшыға көмектесті

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мұзда қалып қойға 6 көліктегі 15 балықшыны құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, оқиға 15 наурызда Бұқтырма су қоймасындағы табанды қара учаскесінде болған. 

Арқан мен «ТРЭКОЛ» арнайы техникасының көмегімен ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары қар құрсауындағы 6 көлікті қардан суырып алып, жолдың тазаланған учаскесіне сүйреп шығарды. 

Балықшылар қыстағы балық аулауға келіп жағалаудан 3 шақырым жерде ауа райының салдарынан ешқайда шыға алмай қалған. Оларға құтқарушылардың көмекгі қажет болды.

ШҚО ТЖД боран соғатыны туралы алдын ала ескерту жасаған. Құтқару жұмыстары аяқталған кезде балықшылардың өздері азаматтарға осындай жағдайларға тап болмасы үшін ТЖ қызметінің кеңестерін есте сақтауға шақырды. 

2021 жылғы 14-15 наурыз аралығында осы учаскеден құтқарушылар 26 балықшы мен 11 көліктің қардан шығуына көмектескен. 

«ШҚО ТЖД қолайсыз ауа-райы кезінде жолға шықпауды, ауа райына байланысты және жолдардың жағдайы туралы ескертуді «Дармен» қосымшасынан білуге болатынын ескертеді. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз»,-делінген хабарламада.