01 мау, 2023 сағат 15:43

ШҚО-да полиция сотталғандарды азаптау әрекетін видеоға түсірген

Фото: reewungjunerr/Depositphotos.com

Арнайы прокурорлар Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінде азаптауды қолдану дәлелдерін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау органы тергеудің заңсыз әдістері мен сотталғандарға қатыгездік көрсеткені үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға қол жеткізген.

"Биыл ақпанда бас прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жедел уәкілі болып табылатын полиция қызметкері М.-ға қатысты Шығыс Қазақстан облысы облыстық сотының апелляциялық сатысының ақтау үкімінің күшін жойды.

Бұған дейін ол жүйелі азаптауды ұйымдастырғаны үшін бірінші сатыдағы сотпен сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемедегі бұрынғы полиция басшылығымен қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдарға азаптау қолданылғаны туралы нақты дәлелдер тапқан.

"Атап айтқанда, полиция қызметкері М. өзіне тәуелді жағдайлардағыларға басқа сотталғандарға азаптауды қолдануға нұсқау бергені анықталды. Сотталғандарды жазаны өтеу режимінің бұзылуына жатпайтын заңбұзушылықтар үшін жазалаған. Мысалы, сотталған адам жеткілікті қырынбағаны үшін немесе мекеме қызметкерлерінің аты мен әкесінің атын ұмытып кетсе.

Бүкіл азаптау процесі бейнекамераға жазылған. Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері М. азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды", - делінген хабарламада.