12 қаң, 2021 сағат 15:05

Шымкент қаласы мәслихатына үш партияның өкілдері өтті

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев қалалық мәслихатқа бөлінген мандаттар туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, Шымкент қаласында бір мәслихат, 30 мандат бар. Сайлауға бес партия қатысты. 

Сайлау қорытындысы бойынша мандаттар бөлуге үш партия қатысты. Nur Otan партиясы - 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына - 3 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы 3 мандат алды.