01 нау, 2023 сағат 10:19

Шымкентте полицейлердің ұрланған көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

видео кадры

28 ақпанда Шымкентте белгісіз біреу Toyota Camry көлігін айдап әкетіп, полицейлерден жасырынбақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Бақылау камералары көлік ұрлаған адамды анықтауға көмектескен. ЖБО қызметкерлері жоспар ұйымдастырды. Қарақшы жол ережесін өрескел бұзып, әуелі Адырбеков көшесіне, одан кейін Рысқұлов көшесіне барған.

Оның ізіне бірнеше патрульдік көлік түскен. Рысқұлов – Ерімбетов көшелері қиылысында ер адам көлікті тастап, белгісіз бағытта ізін суытқан.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлікті процессуалдық шешім қабылдау үшін Абай аудандық АПБ тергеу-жедел тобына тапсырды.